ZEYIN EDUCATION

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын, шахматты сабақ ретінде үйрететін және математика пәнін сингапурлық әдіспен оқытатын қазақ мектебі


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,
Шұғыла шағын ауданы, Тарғап көшесі 20

Сапалы білім және қауіпсіз орта - балаңыздың, жетістіктерге жетелер болашағының берік негізі.
Оқуға өтінім қалдыру
Біздің менеджер хабарласып, сіздің мәліметтеріңізді нақтылау үшін төмендегі жолдарды толтырыңыз
Батырманы басу арқылы сіз біздің құпиялылық саясатымызбен келісесіз

  • Математика
    Сингапурлық оқыту әдісі: бала тек пәнді ғана емес, шығармашылық қабілетін дамытады, ынтымақтастыққа үйренеді және мұның бәрі қызықты ойын түрінде өтеді.
  • Ағылшын тілі
    Балалар ағылшын тілін мемлекеттік бағдарлама бойынша ғана үйреніп қоймайды, бізде таза ағылшын тілді елдердің азаматтары сабақ береді.
  • Шахмат
    Ал бұл үйірме емес, бұл оқу жоспарындағы негізгі пән. Балалардың жан-жақты дамуы – табысты болашаққа жасалған қадам.
  • 8 түрлі қосымша үйірмелер
    Домбыра, хореография, вокал, футбол, бейнелеу өнері, робототехника, жас блогер, ағылшынша сөйлеу клубы.
Жобаға бағытталған оқыту (PBL-Project Based Learning) әдісі оқушыға бағытталған – сыни тұрғыдан ойлау, талдау, зерттеушілік, проблеманы шешу және синтездеу дағдыларын қалыптастырып,оқушының шығармашылығын, сұрақ қою, талдауын дамыта отырып, коммуникация, ынтымақтастық дағдыларын жетілдіреді
Мектептің мақсаты

Адами және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген бәсекеге қабілетті жаһандық тұлға қалыптастыру
Біздің ерекшелігіміз
  • Әр сыныпта ойын бөлмелері
    Әрбір сынып, үзіліс кезінде балалардың сынып ақуалын өзгертіп, ыңғайлы қалыпта демалуға және өзін еркін ұстауына мүмкіндік беретін, ойын бөлмесімен жабдықталған. Үзіліс кезінде балалармен бірге тәрбиеші болады.
  • Қауіпсіздік
    Бүкіл мектеп бойынша бақылау камералары орнатылған, 65 камера – бұл әрбір 26 шаршы метрге бір камера. Балалармен үзіліс кезінде мұғалімдерден басқа тәрбиешілер (кураторлар) болады.
  • Оқытушылар
    Біздің оқутушыларымыздың 50% оқушылары БИЛ (бұрынғы КТЛ) түседі, барлық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі мол және оқушылардың білім деңгейіне толық жауап береді.
  • Тамақтану
    Күніне 4 мезгіл, теңдестірілген тамақтану. Диетологтың ұсынысымен - 10 күндік мәзір, біз ата-аналарды дәм татуға, аспазбен пікір алмасуға шақырамыз.
  • Үй тапсырмасын мектепте орындау
    Ал сабақтан кейін үйде үй тапсырмасы жоқ! Портфельдер жоқ. Балалармен қарым-қатынастан ләззат алыңыз, уақытты қуанышпен өткізіңіз, ал кәсіби мұғалімдер үй тапсырмасын мектепте орындатады.
  • Тәрбиеші
    Әр сыныпқа жеке тәрбиеші бекітілген, олар балалармен достасып, қосымша уақыт өткізеді, балалардың эмоционалдық жағдайы мен көңіл-күйін қадағалап, ата-аналармен байланыста болады.
Сіздер үшін
сапалы білім, пайдалы, дамуға жұмсалатын үзілістер, жайлы, қауіпсіз атмосфера
НАШИ УЧИТЕЛЯ
  • Толыбаева Гауһар Рүстемқызы
    Ағылшын тілі пән мұғалімі
    “Ұстазы мықтының -ұстанымы мықты” - дегендей-ақ, ұстаздың тәрбиесінен барлық адамның өтетіні, сол тәрбиеден бастау алған ұстаным, өмірлік мақсаттарымызға жеткізетініне қазір жас ұстаз ретінде, өзімнің де көзім жетіп отыр. Мектеп жылдары, мамандық таңдау барысында, өзіме ұстаздарымды үлгі тұтатынмын. Ата-анам да абыройлы ұстаздар болғандықтан, осы мамандыққа сүйіспеншілігім артып, анамның қолдауымен ағылшын тілі мұғалімі боламын деп шештім.
    Менің ұстаздық мақсатым - өскелең жас ұрпаққа жарқын болашақ үшін білім беру, яғни заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті адамдарды тәрбиелеп шығу.
    Менің ұстаз ретіндегі, басты өмірлік құндылығым - өз ісімнің жоғары дәрежелі, нақ маманы болып қалу.
    Ең басты жетістігім - білімге деген ұмтылысым. Әрқашан жаңа нәрселерді үйреніп, оқығанды ұнатамын. Ал ғылыми тұрғыда, қалалық олимпиададан 2022 ағылшын тілінен орын алған оқушым бар.
    Мақтанышым - отбасым, өмірлік кәсібім және өзім. Ал жұмыста, осыдан 1 жыл бұрын, алғаш сынып жетекшілік еткен 11-сыныбымның 6 оқушысы шет елдерге оқуға түсті. Ал басқалары еліміздің беделді университеттерінің студенттері.
    Бір қызық оқиғаммен бөлісейін. Бірде 3 сыныптағы бір оқушым, ағылшын тілі сабағында менен көмек сұрады. Сыныптың алдында айтуға ұялып, менің құлағыма сыбырлады. Ол өзінің басқа сыныпта жақсы көретін қызының бар екенін айтты және ол екеуінің ағылшын қосымшасына бірге баратынын айтып, менен сол оқушы қызға ағылшынша хат жазуға көмек сұрады. Сол хатты бірге жазып, кейін дәл сол оқушымның ағылшынға деген қызығушылығының бұрынғыдан да артқанын көрдім. Солай біраз бірге жұмыс жасап, 3ке оқып жүрген оқушым 5ке шықты.
  • Кенжалиева Гүлжамал Сабырханқызы
    Ұстаздардық миссиям: өз білгенімді білдіру, үлкен мақсат қоя білуге, армандауға ұмтылдыру.
    Жетістіктерім: еңбек, іздену, талаптану, қажеттіліктен жаңа нәрсені таба білу.
    Мақтанышым: ісіме адалдығым, ала жіпті аттамайтындығым.
    Өз балаларымның азаматтығы, оқушыларымның азаматтығы.
    Ауылдық жерде жұмыс істегендіктен әлеуметтік жағынан оқушының жағдайы төмен де болды. Түрлеріне қарап ертең өседі, жігіт болады, қыз болады деген үмітпен білімді үйрете түсетінмін, үйлеріне барып жағдайын көріп, аналарымен, әкесімен сөйлесіп, қолдауымды білдіретінмін. Кейде үйіме алып кететін де уақыттар болып еді. Өйткені сабақ кезінде атанасы алысқа шығатын болып жататын, біреулері жыл соңында көшіп бара жатты.
Толығырақ білу үшін, өтініш қалдырыңыз
Азаңғы сағат 8:00 ден кешкі сағат 17:30 ға дейін балаңыз қауіпсіз және өзіне ыңғайлы ортада болады.
Тиімді, сапалы білім ордасы
Заманауи оқыту амалдары
Тәжербиелі, өз оқушыларын жоғары көрсеткіштерге жеткізген мұғалімдер
Оқу ақысы бір айға 150 мың теңге
Контакты
+7 700 941 2020
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, Тарғап көшесі 20
Made on
Tilda